Тәрбие ісінің меңгерушісі

Рассмотренных обращений: 2
Не рассмотренных обращений: 0

«Тіл мәртебесі-ел мерейі» атты онкүндігінің жоспары
Автор: Ахметбек А.А.

Талаптың мініп тұлпарын...

Талаптың  мініп тұлпарын...

                                                              Қуат алып Абайдың тіл –күшінен,

                                                              Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

                                                              Абай болып табынсам бір кісіге,

                                                              Абай болып түңілім бір кісіден.  

                                                                                                    Мұқағали.

Осылайша, Абайдың әр сөзінен қуат алып, «күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарып жүрген» қазақтың «ақын жанды» балалары аз емес.

 Соның ішінде Жақсы №1 орта мектебінің талапты да, талантты оқушыларының өлеңдерін баспасөз бетіне, яғни жақсылықтың жаршысы, бірлігі жарасқан  Жақсы ауылының  жалынды хабаршысына айналған «Жақсы жаршысына»  жариялағанды жөн көрдім.Ондағы мақсатым,  алғаш өлеңін өз қойын дәптерінен, газет бетіне алғаш жариялап отырғандары  бар.

«Бұлақ көрсең көзін аш» демей ме?

Ендеше, тұсауын кесіп, «Талабыңа нұр жаусын!» дейміз. Талаптыға берер сыйы мол бұл өмірде:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Ұлы Абайдай ақын болар ұлым деп,

Үміт күтер әр баладан ата-ана

демекпін.

Ахметбек А.А

                                      Жақсы №1орта мектебінің мұғалімі.

.

 

Отан.

Отан-деген туған жер

Отан –менің өз үйім.

Отан-деген өскен жер

Ата-баба рухымен

Қан мен терін төккен жер.

Мен сүйемін Отанды

Балалық пәк сезіммен,

Мен сүйемін Отанды

                                      Хамит Айжан

                                      5-сынып оқушысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан.

Қазақстан-байтақ елім бұл менің,

Туған елсіз өмір қалай сүремін?!

Туған жерім, асқақ елім сен үшін,

Мақтанамын, орның бөлек мен үшін.

 

Бұл ел менің  туған жерім,

Бейбіт ордам мәңгілік.

Бұл өмірде орны бөлек,

Туған жердің мәңгілік.

                                        Көшеков Бекзат

                                        5-сынып оқушысы

 

 

Нұрсұлтан атаға.

Қазақтың туған бағына

Тәңірдің берген сыйын-ай,

Нұрсұлтан ата мәңгілік

Жүз жасаңыз ауырмай.

 

Азат елдің біз ұланы,

Сеніміңді ақтаймыз.

Ата-баба аманатын

Қадірлейміз, сақтаймыз!

                                           Қазбек Айнұр

                                           7-сынып оқушысы

 

 

Елбасы

      Елбасымыз сізге мәңгі разымыз,

      Үлкен – кіші, ағайын да – бәріміз.

    “Ұлтым, елім” деп қайғырған ұлы жан

      Сіз біздердің піріміз де әніміз

      Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

    Жас өрендер, желбіретіп нық ұста!

    Ғасырларға жалғастырып елдікті,

   Дақ түсірме ата – баба рухына.

   Үлгі бізге аталардың ерлігі,

 Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

 Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

  Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертені!

Садыбекова Ғалия

8-сынып оқушысы.

 

 


Просмотров: 482
Дата создания: 11.05.2013
Дата редактирования: 11.05.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource